+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар арасында қайтыс болғандар жоқ - Диас Ахметшәріп

2020 жылғы 20 наурыз 09:35
Бөлісіңіз:
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар арасында қайтыс болғандар жоқ - Диас Ахметшәріп

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы бес адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда Covid-19 мәселелері бойынша Telegram-бот іске қосылды Елімізде алғаш рет Атырауда корона-такси жұмыс істей бастады Қазақстанда коронавирустан 51 медицина қызметкері көз жұмды

«Оның екеуі Қарағанды қаласында - 1972 және 1971 жылғы туған Қазақстан азаматтары. Екеуі де №0324 Минск-Қарағанды рейсімен ұшып келген болатын», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп арнайы брифингіде.

Оның айтуынша Алматы қаласында тағы үш адам аталмыш инфекцияны жұқтырған.

Біреуі 1979 жылғы әйел адам, Берлин қаласынан ұшып келген. Екінші азамат 1997 жылғы ер адам, Франциядан ұшып келген. Соңғысы 1982 жылғы әйел адам.

«Осы сағатта (20 наурыз, 08:30-да) Алматыда – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2 адам, Нұр-Сұлтанда - 25 адам. Республика аумағында барлығы 49 науқас тіркеліп отыр. Олардың арасында қайтыс болғандар жоқ» , - деді Диас Ахметшәріп.

Оның айтуынша, науқастардың барлығының жағдайы жақсы.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағандыда коронавирус жұқтырған 2 адамның Минск қаласынан ұшып келгенін хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT