Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдар саны 9-ға жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус жұқтырғандар саны 9 адам болды. Бұл туралы бүгін ҚР Денаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 9-ға жетті. Вирус Алматы қаласына Германиядан ұшып келген 2008 жылы туған қыз баладан табылды. Қазір Алматыда вирус жұқтырғандар саны - 7, ал – елордада – 2. Барлығы 9 адам», - деді Диас Ахметшәріп.

Еске сала кетсек бүгін сағат 13.00-де «Хабар 24» арнасында онлайн режімде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 8-ге жеткенін хабарлаған еді.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда эпидемияға қарсы барлық қажетті шара қолданылып жатыр, соның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекциялық іс-шара бар. Карантинге жатқызу үшін төсек орындары әзірленген, медициналық препараттар мен дезинфекциялық құралдар қоры жеткілікті, медициналық персонал толық дайын, сұрақ туындаған жағдайда 1406 нөміріне call орталыққа хабарласу керек.

Сондай бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда төтенше жағдай режимін енгізу туралы Жарлыққа қол қойғаны хабарланды.




Соңғы жаңалықтар