+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазақстанда коронавирус жұқтырған  25 182  адам ем алып жатыр - ҚР ДСМ

2020 жылғы 9 тамыз 12:00
Бөлісіңіз:
Қазақстанда коронавирус жұқтырған  25 182  адам ем алып жатыр - ҚР ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда бүгінгі күні коронавирус инфекциясын жұқтырған 25 182 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 108 сәби бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте  61 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған Шығыс Қазақстанда кезекші сыныпта оқитын 4 бала коронавирус жұқтырды Медициналық сақтандыру қоры коронавирус пен пневмонияға қарсы 159 млрд теңге бөлді

Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, стационарларда 5 021 науқас жатыр. 20 161 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 121 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 29 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 38 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT