Қазақстанда коронавирус жұқтырған 25 053 адам ем алып жатыр - ҚР ДСМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда осы кезде коронавирус инфекциясын жұқтырған 25 053 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 108 сәби бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, стационарларда 5 364 науқас жатыр. 19 689 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 28 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады»,-делінген министрліктің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар