Қазақстанда коронавирус вакцинасын 5,4 млн адам салдырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 5,4 млн адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

«2021 жылғы 2 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 5 429 636 адам вакцина салдырды, II компонентті 3 837 063 адам егілген», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, кешегі мәлімет бойынша елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 5 408 959 адам салдырған. 2 - ші компоненті егілгендер саны - 3 799 879.


Соңғы жаңалықтар