Қазақстанда коронавирус пневмониясынан өткен тәулікте 2 адам қайтыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19 маусым күнгі ақпарат бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен 67 адам ауырып, 2 адам қайтыс болды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ 19 маусымдағы деректер бойынша коронавирус пневмониясынан 39 адам емделіп шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бері барлығы 56479 адам ауырып, 969 адам қайтыс болған. Жазылып шыққандар саны 51842.


Соңғы жаңалықтар