Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 6 адам қайтыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 6 мамырдағы жағдай бойынша, коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен 177 адамның ауырғаны белгілі болды. Аталмыш дерттен 6 қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ коронавирус пневмониясынан 80 адам емделіп шықты.

2020 жылдың 1-тамызынан бері коронавирус пневмониясымен ауырғандар саны 53299 адамды құрады. Сондай-ақ осы дерттен 823 адам қайтыс болып, 52013 адам жазылып шыққан.


Соңғы жаңалықтар