Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 17,3 мың адам қайтыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 28 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5 қарашадағы мәліметке сәйкес, ел өңірлерінде коронавирус пневмониясының 145 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді, 205 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 1 тамызы 2021 жылдың 5 қарашасы аралығында ауырғандар – 80329, қайтыс болды – 5068, жазылып шықты 69897 адам.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, 5 қарашада коронавирус инфекциясынан 25 адам қайтыс болды. 2020 жылдың 13 наурызы – 2021 жылдың 6 қарашасы аралығында елімізде індет 948 599 адамнан анықталды, қайтыс болды – 12 250 науқас.


Соңғы жаңалықтар