Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 3 461 адам ем қабылдауда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 461 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 313 бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Стационарларда 2 303 науқас жатыр. 1 158 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 135 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 9 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.
Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы баспасс брифингінде хабарлап тұрады.
- Карантин: Алматыда екі бір тәулікте 370 кәсіпкерлік нысан тексерілді
- Коронавирус: Қазақстанға шетелден 345 азамат анықтамасыз келді
- Гонконгте індет тарағалы алғаш рет локдаун енгізілді
- Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 50 адамның жағдайы өте ауыр
-
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
-
Түркияда бір миллионнан астам адам вакцина салдырды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам