Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан 674 адамның жағдайы ауыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан 674 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 сәуірдегі мәлімет бойынша, 38 620 адам короновирус инфекциясынан (38 218 КВИ+ және 402 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 147 пациент стационарда, 24 473 науқас амбулаториялық деңгейде емделіп жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 674 адамның жағдайы ауыр;
• 176 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 99 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
17 сәуірдегі мәлімет бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен 35 жаңа сырқаттанушы тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталған. 87 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап науқастар саны – 51 879, өлім жағдайы - 751, барлығы 50 726 адам сауығып шықты.


Соңғы жаңалықтар