22:09, 28 Маусым 2020 | GMT +6
Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 5 науқас көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 5 науқас көз жұмды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Атырау облысында - 1939 жылы туған ер адам және 1943, 1960 жылдары дүниеге келген әйел адамдар, Түркістан облысында - 1949 жылы туған ер адам, Шығыс Қазақстан облысы - 1963 жылы дүниеге келген ер адам қайтыс болды.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстан бойынша барлығы 178 адам қайтыс болды.