Қазақстанда коронавирус анықталғандар саны 402-ге жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2 сәуір, 08:20-дағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған адамдардың саны 402-ге жетті, деп хабарлайды сoronavirus2020.kz сайты.

Мәліметке сай, тағы 16 адамнан (Нұр-Сұлтан қаласында 7, Қарағанды облысында 6, Атырау облысында 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 1) коронавирус анықталды. Осымен Қазақстан бойынша барлығы 402 жағдай тіркеліп отыр:


Нұр-Сұлтан қаласы – 191

Алматы қаласы – 90

Шымкент қаласы – 3

Ақмола облысы – 19

Ақтөбе облысы – 4

Алматы облысы – 9

Атырау облысы – 18

Шығыс Қазақстан облысы – 2

Жамбыл облысы – 5

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қарағанды облысы – 21

Қызылорда облысы – 25

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Солтүстік Қазақстан облысы – 6

Түркістан облысы – 5


Жазылып шыққандар: 26

Нұр-Сұлтан қаласы – 16

Алматы қаласы – 10


Қайтыс болғандар: 3

Нұр-Сұлтан қаласы – 1

Ақмола облысы – 1

Қарағанды облысы – 1


Соңғы жаңалықтар