Қазақстанда Korgau123 платформасы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда жыныстық зорлықтың алдын алуға бағытталған Korgau123 платформасы ашылды. Жаңа ресурстың мүмкіндіктері туралы ұйымдастырушылар Қазақстан баспасөз клубында өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дағдарыстар орталығы» қоғамының директоры Зүлфия Байзақованың айтуынша, Қазақстанда жұмыс орнында жыныстық қатынасқа мәжбірлеудің кез-келген түріне тосқауыл қою керек.

«Бүгінде жұмыскерлердің 70 пайызы жұмыс орнында жыныстық мәжбірлеудің куәсі болады. Ал олардың 3 проценті ғана сотқа жүгінеді», - деді Зүлфия Байсақова.
null

Қазір мұндай қылмыс жасағандар жазаланатын ҚР ҚК 123-бабы мүлде жұмыс жасамайды. Аталған бап бойынша 20 жылдан бері 25 үкім ғана  шығарылған екен.

«Соңғы 4 жылда бірде-бір дерек тіркелмеген. Жылына 1 рет қана айыптау үкімі шығып отырған. Оның себебі, мұндай істер жеке істерге жатады. Жапа шеккен адам өзі сотқа жүгінуі тиіс болады. Қазір бізде мұндай қылмыс жасағандар ең жоғары алғанда 1 жылға бас бостандығынан айрылады. Бұл жазаны ауырлату керек», - деді заңгер Джохар Өтебеков.
null

Бүгінде бірқатар медиа мен бизнес қауымдастықтар, компаниялар бірігіп Korgau123 платформасын құрмақ.

Ақпараттық ресурста барлық қажетті мәліметтер, мамандармен сұхбаттар, видеооқиғалар, заңнамалық кеңестер беріледі.

«Біріншіден, адам өзіне қатысты қылмыс жасалып жатқанын түсінуі керек. Екіншіден, Дағдарыс орталығы арқылы дәлел жинап, сотқа жүгінуі тиіс. Портал осы мақсатта ашылды», - деді қоғамдық қор директоры Әлия Қадыралиева.

Соңғы жаңалықтар