Қазақстанда көпір ұрлаған адам сотталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қалалық сотында көпір ұрлаған азаматтың ісі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облыстың сотының сайтына сілтеме жасап.

Сотта анықталғандай, ұры Жаңаөзен қаласындағы теміржол бекетінің №13 өрт сөндіру бөлімінің күзетілетін аймағындағы көпірді жүк көлігіне тиеп, оқиға орнынан ізін суытқан.

Ұзындығы - 14 ені мен биіктігі 2 метр, жалпы салмағы 12 тонна тартатын көпір «Қазақстан темір жолына» тиесілі болған.

Осылайша Б. аталмыш мекемеге 708 750 теңге материалдық залал келтірген.

Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен Б.ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 505000 теңге айыппұл жазасы тағайындалды. Ұрланған көпір мекемеге қайтарылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар