Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.90 EUR 422.74
RUB 5.87 CNY 54.80
Jańalyqtar

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға арналған муниципалды баспананың қолжетімділігі артады

2019 жылғы 14 ақпан 13:08 823
Бөлісіңіз:
Қазақстанда көпбалалы отбасыларға арналған муниципалды баспананың қолжетімділігі артады

 АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев халықтың тұрмыс сапасын арттыру бойынша ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісіз орта жасаудың бірыңғай тәсілі керек - вице-министр Үкіметтің жұмыс тобы көпбалалы аналармен кездесті

«Біріншіден, әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ету бойынша шаралардың тиімділігін арттыру көзделіп отыр. Екіншіден, халықтың аз қамтылған бөлігін қолдаудың қосымша механизмі әзірленеді. Біз өткен аптада жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізген едік. Жұмысқа орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ғана емес, азаматтық қоғамның да өкілдерін тарттық», - деді Ерболат Досаев азаматтардың тұрмыс сапасы мен табысын арттыру, сонымен бірге көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту бойынша жұмыс тобының отырысында.

Спикер өз сөзінде көпбалалы отбасылармен кездесу кезінде әкімдіктерде жиналған ұсыныстарды жинау жұмысы аяқталатынын айтып өтті.

«Астанадағы қайғылы жағдай бірқатар өзекті мәселелердің бетін ашты. Мемлекет ана мен бала мәселелеріне көз жұмып қарап отырмайды. Біздің жұмыстың басты бағыттары: мекенжай бойынша әлеуметтік көмек алуды жеңілдету, сонымен бірге бюрократиялық процедураларды жеңілдету, мемлекеттің қолдауына мұқтаж көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеу механизмін жетілдіру болмақ. Көпбалалы отбасылардың балалары үшін мекенжай бойынша әлеуметтік көмек беру, мектепте ыстық тамақ беру, қоғамдық көлікте жүруін жеңілдету секілді мәселелер кеңінен қамтылатын болады», - дейді  Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасылар үшін муниципалды жалдамалы тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру мүмкіндігі жеке қарастырылады.

 


Қазақстанда көпбалалы отбасыларға арналған муниципалды баспананың қолжетімділігі артады

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT