Қазақстанда көпбалалы отбасыларға арналған муниципалды баспананың қолжетімділігі артады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев халықтың тұрмыс сапасын арттыру бойынша ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біріншіден, әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ету бойынша шаралардың тиімділігін арттыру көзделіп отыр. Екіншіден, халықтың аз қамтылған бөлігін қолдаудың қосымша механизмі әзірленеді. Біз өткен аптада жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізген едік. Жұмысқа орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ғана емес, азаматтық қоғамның да өкілдерін тарттық», - деді Ерболат Досаев азаматтардың тұрмыс сапасы мен табысын арттыру, сонымен бірге көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту бойынша жұмыс тобының отырысында.
Спикер өз сөзінде көпбалалы отбасылармен кездесу кезінде әкімдіктерде жиналған ұсыныстарды жинау жұмысы аяқталатынын айтып өтті.
«Астанадағы қайғылы жағдай бірқатар өзекті мәселелердің бетін ашты. Мемлекет ана мен бала мәселелеріне көз жұмып қарап отырмайды. Біздің жұмыстың басты бағыттары: мекенжай бойынша әлеуметтік көмек алуды жеңілдету, сонымен бірге бюрократиялық процедураларды жеңілдету, мемлекеттің қолдауына мұқтаж көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеу механизмін жетілдіру болмақ. Көпбалалы отбасылардың балалары үшін мекенжай бойынша әлеуметтік көмек беру, мектепте ыстық тамақ беру, қоғамдық көлікте жүруін жеңілдету секілді мәселелер кеңінен қамтылатын болады», - дейді Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасылар үшін муниципалды жалдамалы тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру мүмкіндігі жеке қарастырылады.
- Жамбылда көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады
- Мемлекет басшысы Үкіметтің орнынан түсуін қабылдады
- БҚО-да тағы бір тұрғын үйдің төбесі құлады
- Елбасы: Үкімет отставкаға кетуі керек деп санаймын
-
Петропавлда апаттық жағдайдағы үйлерді бұзып жатыр
-
Астаналықтардың үй мәселесін тек бюджет есебінен шешу мүмкін емес - әкімдік
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам