+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қазақстанда контейнермен жүк тасымалдау көлемі артты

2021 жылғы 30 шілде 15:08
Бөлісіңіз:
Қазақстанда контейнермен жүк тасымалдау көлемі артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жүк контейнері тасымалының көлемі артты. Бұл туралы «KTZ Express» АҚ контейнерлік тасымалдау қызметі департаментінің директоры Ержан Байғожин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз «Қытай – Еуропа» бағытындағы жүк контейнерлерін транзиттік тасымалдау үрдісін одан әрі жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Пандемияға байланысты әлем елдерінде шектеулер енгізілгені аян, осы орайда Қытайда да тәртіп қатал. Яғни, бізде жүктің жиналып қалу мәселесі бар. Дегенмен жұмыс тоқтап тұрған жоқ, аздаған карантин шектеулері бар», - деді Е. Байғожин баспасөз туры барысында.

Оның айтуынша, елімізге сырттан тауарлар көбіне Қытай мен Еуропа елдерінен келеді.

«Қазір елімізде транзиттік-логистикалық тасымалдау үдерісі артты, өйткені автомобиль тасымалы жабық яғни халықаралық тасымал жоқтың қасы. Сондықтан да барлық жүк тасымалы теміржол арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта теміржол жүк тасымалы тәулік бойы тынымсыз жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік және жеке компаниялардың көмегімен кез келген жүкті жеткізе аламыз. Бүгінде жүкті контейнер арқылы тасымалдау жоғары сұранысқа ие, себебі ол өте ыңғайлы әрі қауіпсіз. Айтар болсақ, жүкті Қытайдан алып келеді, осындағы логистикалық терминалда қабылдап, одан әрі тапсырыс берушіге жеткізеді. Яғни, «есік алдына дейін жеткізу» қағидатымен жұмыс істейді. Бұл контейнермен жүк тасымалдаудың тиімділігін көрсетіп отыр», - дейді ол.

Бұған дейін елордада жүк тасымалдаудың қалай жүзеге асырылатынын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT