Қазақстанда концерт саласындағы қызмет көлемі 34%-ға артқан

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда концерт қою саласындағы қызмет көлемі 34%-ға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ranking ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

«Концерт қою саласындағы қызметтер бірінші тоқсанда 34,4%-ға артып, 3,4 млрд теңге болды. Бұл сала өнер мен көңіл көтеру сегментінің 33,2%-ын құрай бастаған. Атап айтқанда, театр саласының алатын үлесі 45,9%», - делінген хабарламада.

Қазақстандықтардың жанды дауыста орындалатын концерттерге қызығушылығы арта бастаған.

2018 жылы 7 мың концерт ұйымдастырылған. Яғни, 7 пайызға артқан.

Соңғы жаңалықтар