+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Қазақстанда комплаенс мамандарын даярлау қолға алынды

2021 жылғы 21 қыркүйек 13:20
Бөлісіңіз:
Қазақстанда комплаенс мамандарын даярлау қолға алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық комплаенс-қызметкерлерді оқытып, даярлау басталды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-ның комплаенс қызметінің басшысы Дәурен Ақшалов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Білім мекемесі бір дәптерді 95 мың теңгеге сатып алмақшы болған - Ақмола облысы Орал қаласы құрылыс бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен тергеліп жатыр Атырау облысында параның орташа мөлшері аталды

«Бүгіннен бастап біздің корпоративтік университетте квазимемлекеттік ұйымдардың комплаенс-қызметкерлерін оқыту басталды. Аталған бастама ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, елімізде аталған жаңа қызметті ілгерілету мақсатында қолға алынды. Себебі бұл қызметке маман табу өте қиын, оны өз басымнан білемін. Оның үстіне комплаенс-қызметі елімізде енді енгізіліп жатыр, кейбір квазимемлекеттік ұйымдар оның түпкі мақсатын түсіне қоймайды. Шетелде бұл қызмет түрі алға қойылған, әрине олар жетістікке бір күннің ішінде қол жеткізген жоқ. Бұл көпжылдық процесс пен тәжірибе», - деді Дәурен Ақшалов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен AntikorLive жобасының эфирінде.

Оның айтуынша, комплаенс-қызметкеріне қойылатын басты талаптың бірі адаммен тіл табыса алу.

Сондай-ақ, спикер комплаенс-қызметкердің міндетіне кең ауқымды деректермен жұмыс істеп, талдау жүргізу кіретінін мәлім етті.

Бұған дейін Дәурен Ақшалов аталған қызметтің мақсаты мен оның не үшін қажет екендігі туралы айтып берген еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT