+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қазақстанда компьютер техникаларының өндірісі артып келеді

2021 жылғы 22 ақпан 12:13
Бөлісіңіз:
Қазақстанда компьютер техникаларының өндірісі артып келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы Қазақстанда цифрлық есептеуіш машина шығару 6 есеге артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

2021 жылдың алғашқы айында Қазақстанда 538 цифрлық есептеуіш техника шығарылды. Бұл өткен жылдың дәл сондай айындағы көрсеткіштен 3,6 пайызға артық. Осы ретте 2020 жылдың қаңтарында өнімнің жылдық құлдырауы 64,8 пайыз мөлшерінде байқалған еді.

Былтыр 59,3 мың есептеуіш машинасы шығарылды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 6 есе көп. Өткен жылы цифрлық есептеуіш техникалары өндірісінің басым бөлігі Алматы қаласында шоғырланды. Бұл қалада 58,1 мың құрылғы шығарылды. Көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 6,8 есе жоғары. Ал Қарағанды облысында 1,1 мың, Нұр-Сұлтанда 124, Жамбыл облысынла 24 есептеуіш машинасы құрастырылды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, еліміздегі тарихы терең, ең көне зауыттардың бірі - Петропавл қаласындағы С.М. Киров атындағы зауыт ZIKComputers маркасымен компьютерлік техника шығара бастады. Тұтынушыларға отандық Zik компьютерлерінің 7 түрі ұсынылды. Оларды қазірдің өзінде kaspi.kz және ForteMarket арқылы сатып алуға болады. Жақын арада отандық компьютерлерді «Қазпоштаның» барлық бөлімшелерінен де алуға болатын болады.

ZIKcomputers желісінің өндірістік қуаты - жылына 100 000 бірлік компьютерлік техника. Компьютерлік техниканы дайындауға арналған компоненттерді серіктестері - электроника, компьютерлік техника және серверлік жабдықтар өндірісінде 30 жылдық тәжірибесі бар Great Wall компаниясы жеткізеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT