+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанда коммуналдық қызметтер алдындағы берешек 13 млрд теңгеге жетті

2020 жылғы 23 маусым 12:57
Бөлісіңіз:
Қазақстанда коммуналдық қызметтер алдындағы берешек 13 млрд теңгеге жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дебиторлық берешек жағынан тізімнің алдыңғы үштігін республикалық маңызы бар үш қала бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Өткен жылыту маусымында өңірлерде жеке және заңды тұлғалардың коммуналдық қызметтер алдындағы дебиторлық берешегі 13 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 780 млн теңгеге көп. 2019 жылы бұл сома 12 286 млн теңге еді», - деген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министір Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында берешегі ең көп өңірлерді атады.

Оның айтуынша бұл бағытта Алматыда 2 млрд 177 млн теңге, Нұр-Сұлтанда 1 млрд 928 млн теңге, Шымкент қаласында 1 млрд 924 млн теңге, Маңғыстау облысында 1 млрд 525 млн теңге қарыз бар.

«Әкімдіктер борышкерлермен дебиторлық берешекті өтеу және азайту бойынша жүйелі шаралар жүргізіп жатыр. Нақтырақ айтқанда кассалық қызмет көрсетуді жақсарту, тұтынушылардың берешегі туралы шот-хабарламаларды тарату, ескерту хабарламаларын тарату, кіреберістерде хабарландыруларды ілу, материалдарды сот органдарына жолдау жұмыстары атқарылуда», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT