Қазақстанда көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған электронды аукцион өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн аукцион 2021 жылғы 23 сәуірде өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Барлау және өндіру құқығын 15 учаске бойынша өткізу жоспарлап отырған электрондық аукционға қатысуға өтінімді 25 наурызына дейін электрондық аукцион операторының сайтына жіберуге болады. Сауда-саттық 23 сәуірде, сағат 10:00-де басталып, 17:00-де аяқталады», делінген хабарламада.
Аукционның онлайн трансляциясы Энергетика министрлігінің сайтында, сондай-ақ ведомствоның әлеуметтік желідегі аккаунттарында ұйымдастырылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін учаскелердің атауларымен ведомство сайтында танысуға болады.
«Аукцион арқылы жер учаскесіне меншік құқығы емес, белгілі бір мерзімге жер қойнауын пайдалану құқығы берілетіндігін атап өту маңызды. Бұл «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексімен реттеледі, учаскелердегі кез-келген технологиялық процесс тек Энергетика министрлігі жанындағы Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның мақұлдауымен мүмкін болады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын алған инвестор жергілікті атқарушы органмен жерді жалдау шартына қол қояды. Жобалық құжатты әзірлеу алдында әрбір жер қойнауын пайдаланушы жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізуге міндетті», делінген хабарлама.
Ведомствоның мәлімдеуінше, аукционнан түскен барлық қаражат мемлекеттік бюджетті толтырады.
- Қазақстанда мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады
- Биыл мұнай және газ-химия өнімдері өндірісінің көлемі қандай болмақ
- Қалалар мен облыстардағы 47 мың шақырым газ тарату желілері цифрландырылады
- Биыл елімізде халықты газдандыру деңгейі 54 пайызға жуықтайды
-
2021 жылы елімізде өндірілетін газ көлемі белгілі болды
-
Шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алу ақпараттық жүйесі іске асырылады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам