Қазақстанда көмірсутек кен орнын пайдалануға арналған электронды аукцион жүйесі іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда көмірсутек бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Энергетика министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.

«ҚР Мемлекеттік мүлік тізілімі» сайтындағы электронды сауда алаңына көмірсутек бойынша жер қойнауын пайдаланудың 10 учаске шығарылды. Аукционға қатысуға өтінішті қабылдау қарашаға дейін электронды нысанда жүргізілетін болады. Аукционға қатысуға өтініш беру рәсімімен бейне нұсқаулық арқылы танысуға болады», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электронды аукцион 23 желтоқсанда болады.





Соңғы жаңалықтар