Қазақстанда көмірсутек кен қойнауын пайдалану құқығы электронды аукцион арқылы беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұл «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске аукциондарды электронды форматта өткізуге мүмкіндік беретін түзетулер енгізуге байланысты мүмкін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Энергетика министрлігі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруді жақсарту мақсатында жұмысты қолға алған.
«ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бірқатар құқықтық актілер қабылдады, оның ішінде,
«Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрық (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 30 шілдеде № 21038 болып тіркелді)», делінген хабарламадама.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, егер аукциондар бұрын қағаз жүзінде жүргізіліп, қатысушыларға белгілі-бір қолайсыздық туғызса, 1 қыркүйектен бастап, жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлға аукциондарға онлайн тәртіпте қатыса алады.


Соңғы жаңалықтар