+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

Қазақстанда көмір бағасына қатысты тексеру жүреді

2019 жылғы 23 қыркүйек 14:12
Бөлісіңіз:
Қазақстанда көмір бағасына қатысты тексеру жүреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин өңірлерге қажетті көлемде көмірмен қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Маминнің Түркістан қаласына жұмыс сапары бойынша видеодайджест Асқар Мамин ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директорымен кездесті Асқар Мамин Шымкент қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

«Жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Дегенмен де бекітілген кестеден қалып қою жағдайлары да орын алуда. Коммуналдық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмір дайындау деңгейі әлі де төмен», - деп тоқталды Үкімет басшысы.

Осыған байланысты А. Мамин тиісті тапсырмаларды берді. Біріншіден, әкімдер жоспарланған жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды қамтамасыз етіп, қажетті көлемдегі отынды алдын ала жеткізуді атқаруы керек.

«Ішкі нарықта бағаның өсуіне және көмірдің тапшылығына жол бермеу мақсатында өңір әкімдері 2 апта мерзімде көмір дайындайтын әрі оны сататын орындардың қазіргі жәй-күйін, жеткізу кестесін, көмір бағасының негізді болуын, сондай-ақ оның сапасы белгіленген тәртіппен тексеру қажет. Индустрия министрлігі ҚТЖ компаниясымен бірге көмір жеткізу үшін қажетті көлемдегі вагондардың дайын болуын қамтамасыз етсін», - деді Премьер-Министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT