+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қазақстанда қолма-қол шетел валютасы тапшылығы жоқ - ҚР Ұлттық банкі

2014 жылғы 19 желтоқсан 15:35
Бөлісіңіз:
Қазақстанда қолма-қол шетел валютасы тапшылығы жоқ - ҚР Ұлттық банкі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда қолма-қол шетел валютасы тапшылығы жоқ. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі елде қолма-қол шетел валютасы тапшылығының жоқ екендігін мәлімдейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және оның аумақтық филиалдары елдің барлық облыстарындағы, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларындағы валюта нарығындағы ахуалды күнделікті бақылап отыр. Айырбастау пункттері екінші деңгейдегі банктердің тарапынан да, сол сияқты Ұлттық банктің тарапынан да қолма-қол шетел валютасының жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген», - делінген хабарламада.

ҚР Ұлттық банкінің мәлімдеуінше, осы аптаның демалыс күндері доллар бағамы 182,05 теңгені құрамақ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT