Қазақстанда қолма-қол ақша көлемі өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 2019 жылдың шілде айында қолма-қол айналымдағы ақша көлемі өткен аймен салыстырғанда 0,2% артып, 2,236 трлн теңгеге жетті. Бұл 2018 жылдың желтоқсанындағы көрсеткіштен 1,1% аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің ақпаратына сүйенсек, өткен ай ішінде қолма-қол ақшаларды, ликвидті теңге депозиттерін қамтитын М1 ақша агрегаты өткен айда 1,4% (жыл басынан беріп - 0,3%) азайып, 5,586 трлн теңгені құраған. Қолма-қол ақшаларды, ликвидті теңге депозиттерін, ликвидті валюталық депозиттердің барлығын қамтитын М2 индикаторы 2,6% өсіп (+3,2%), 14,923 трлн теңге болған. Ақша массасы 1,6% (-4,6%) қысқарып, 19, 847 трлн теңгені құраған.

Ақша базасы немесе ҚР Ұлттық банкінің ақшалары биыл шілде айында 11,5% (былтырғы желтоқсаннан бері - 6,4%) жоғарылап, 7,078 трлн теңге болған. Қысқаша түсінік бойынша, ақша базасы 17% (+2,3%), яғни 6,132 трлн теңгеге дейін артты.

Екінші деңгейлі банктер және басқа да ұйымдардың ҚР Ұлттық банкіндегі депозиттерінің көлемі 18,7% (+12%), яғни 4,515 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Автор: Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар