Қазақстанда көлік жүктерін өлшеу процесі автоматтандырылмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда көлік құралдарын габаритсіз өлшеу процесі автоматтандырылатын болады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үлкен габаритті және ауыр салмақты автокөлік құралдарының өтуін бақылау қызметін Ішкі істер министрлігіне толықтай бергіміз келген еді. Алайда, Ішкі істер министрлігінде өткен кеңесте бұл ұсыныс қолдау тапқан жоқ. осыған байланысты жұмыс тобының отырысын өткіздік. Оның қорытындысында адами факторларды жою үшін көлік құралдарын габаритсіз өлшеу процесін автоматтандыру қажет деген шешім қабылдады. Мұндайға заң мүмкіндік береді», - деді ол бүгін автомобиль жолдары саласындағы проблемалар талқыланған кеңесте.

Осы орайда, Берік Камалиев аталған мәселеде өзге де шет мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу маңызды екендігін баса айтты.

«Егер таяу шет елдерді алып қарайтын болсақ, онда менталитеті және басқа да жақтарынан бізбен бір экономикалық қоғамдастықта болған мемлекеттер жақын келеді. Таяуда Польша тәжірибесін зерделеді. Оларда Автомобильді бақылау департаментінің құрамында Көліктік бақылау бюросы мен Ақылы жолдар төлемдерін жинау бюросы бар. Яғни, бір агенттікте осындай екі басқарма шоғырланған. Сондықтан біз қазіргі уақытта мүмкіндігінше польяк тәжірибесін қолдану шараларын қарастырып жатырмыз», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар