+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі өзгертіледі

2020 жылғы 10 наурыз 15:55
Бөлісіңіз:
Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі өзгертіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көлік құралдары салығын төлеу мерзімін ауыстыру ұсынылды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрлан Нығматулин: бюджетте пандемия кезінде азаматтарды қолдау жағдайы ескерілді Мәжіліс 2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы құжатты мақұлдады 2021 жылы Ұлттық қордан 1 трлн теңге мөлшерінде нысаналы трансферт тартылмақ

«Халыққа қолайлы ету мақсатында көлік құралдары салығын төлеу мерзімін ауыстыру қарастырылып отыр. Қазір салық жыл соңына дейін төленеді. Енді келесі жылдың 1 сәуіріне дейін төлеу ұсынылады», - деді вице-министр салық салу мәселелері бойынша заң жобасын таныстыру барысында.

Оның сөзіне қарағанда, азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін шегеру қарастырылмаған. Осы орайда шегерімді қолдану және қосарланған салық салуды жою тәртібін нақтылау қажет.

Вице-министрдің атап өтуінше, науқастарды демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен емдеуге жатқызу кезінде науқастарды алып жүретін адамның жол жүру және қоныстануы да осы қаражат есебінен төленеді. Осыған байланысты, науқастарды да, науқастарды алып жүретін адамды да жеке табыс салығынан босату ұсынылады.

Бұдан бөлек, қазіргі таңда банктердің несиелерді кешіруі кезінде корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Енді ипотекалық ұйымдар үшін де осындай шаралар көзделіп отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT