Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі өзгереді

2019 жылғы 19 маусым 13:47 3682
Бөлісіңіз:
Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі өзгереді

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі еліміздің Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

«Салық төлеушілердің әкімшілік және уақытша шығындарын азайту мақсатында салықты және әлеуметтік төлемдер төлеуді жеңілдету жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде көпқабатты үйлердің тұрғындары мүлік және жер салығын төлеуге мәжбүр. Бұл ретте салық сомасы аз, ал әкімшілік шығын едәуір. Жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын біріктіру ұсынылуда. Бұл ретте көппәтерлі тұрғын үй иелерінің жер салығы алынып тасталады», - делінген министрлік дерегінде.

Сонымен қатар, көлік салығын төлеу мерзімін өзгерту де көзделіп отыр.

«Қазір салықты жыл соңына дейін төлеу қажет. 2020 жылдан бастап салықты келесі жылғы 1 сәуірге дейін төлеу жоспарланып отыр. Бұл автомобиль иелері үшін қолайлы.  Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты - адал салық төлеушінің мүддесін қорғау», - деп атап өтт ведомстводан.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT