Қазақстанда көлік құралдарын тіркеу куәлігіне микрочип орнатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда көлік құралдарын тіркеу куәлігі өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Электрондық үкімет порталында «Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасы орналастырылған. Жоба 2 қазанға дейін көпшілік талқылауына ұсынылып отыр.

Атап өтілгендей, бұйрық қолданысқа енгізілгенше бұған дейін дайындалған және берілген техпаспорттар көліктер қайта тіркеуден өткенге дейін жарамды болады. Тіркеу туралы жаңа куәліктер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең-кезеңімен беріледі.

Анықталғандай, жаңа техпаспорттардың көлемі шағын және ол түрлі-түсті болады. Сондай-ақ оған арнайы микросызба орналастырылады.

Микрочипте болатын мәліметтер: мемлекеттік тіркеу нөмірі; куәліктің сериясы мен тіркеу нөмірі; куәліктің берілген күні; маркасы, моделі; көлік құралының шығарылған жылы; көлік құралының санаты; есептен шығарылғаны туралы белгі; сәйкестендіру нөмірі (VIN); жүктемесіз массасы kg.; рұқсатр етілген max массасы, kg; көлік құралының түсі; көлік құралының иесі; тұрғылықты жері; ерекше белгілер; бастапқы тіркелген күні; көлік құралын қайта жабдықтау түрлері туралы мәліметтер және тағы басқасы.

Қажеттілігіне қарай, мәліметтер енгізілетін жолдар өзгертілуі және қосылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар