Қазақстанда қолдауға мұқтаж азаматтардың портреті әзірленеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде қолдауға мұқтаж азаматтардың портреті әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбек нарығында 300 мыңға тарта жұмыссыз және NEET санатындағы жастар, 80 мыңнан астам көпбалалы және мүгедіктігі бар бала тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасылар бар. Бұл әрбір мұқтаж топ үшін арнайы тәсілдер, құралдар қабылдауды талап етеді», - деді министр.

Сондықтан министрдің атап өтуінше, біріншіден, ақпараттық жүйелерді сараптау нәтижесінде әлеуметтік қолдауды және жұмыспен қамтуды қажет ететін азаматтарды «Ерте анықтау жүйесі» енгізіледі. Бұл орайда Цифрлық карта арқылы әлеуметтік мәртебесі жоқ, қолдауға мұқтаж азаматтардың портреті әзірленіп, олардың нақты қажеттіліктері анықталатын болады.

«Екіншіден, NEET жастар үшін «Алғашқы жұмыс орны», түлектер үшін «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары аясында субсидиялаудың ұзақтығы мен мөлшері ұлғайтылады», - деді Серік Шәпкенов.


Соңғы жаңалықтар