+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Қазақстанда қолданылатын вакциналардың бәрінің қауіпсіздігін түсіндіру қажет - Үкімет басшысы

2021 жылғы 4 мамыр 09:50
Бөлісіңіз:
Қазақстанда қолданылатын вакциналардың бәрінің қауіпсіздігін түсіндіру қажет - Үкімет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халыққа Қазақстанда қолданылатын вакциналардың бәрінің қауіпсіздігін түсіндіру қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда вакцинаның екі дозасын алған 44 адам коронавирус жұқтырған Вакцинаның І және ІІ компонентін шатастырып алған: Қауіп бар ма Қазақстан өңірлерінде вакцинаның қанша дозасы бар

«Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірге көшпелі вакцинациялау пункттерін кеңінен қолданып, ауыл тұрғындарын барынша көп вакцинациялауды қамтамасыз етсін. Және де әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеудің жаңа критерийлерін енгізуді, вакцина алғандар үшін жеңілдіктер беруді бақылауда ұстау қажет», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, бұл әсіресе қызмет көрсету саласында бизнесті жандандыруға мүмкіндік береді.

«Ақпарат министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, вакцинациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс, Қазақстанда қолданылатын вакциналардың бәрінің қауіпсіздігі, вакцинаны таңдау мүмкіндігі мен шектеу шаралары туралы түсіндіру жұмысын кеңейтсін», - деді Асқар Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT