Қазақстанда қоқыстан 20 түрлі өнім жасалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары елімізде өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды өңдеу көлемі артты. Осы жұмысты үйлестіретін арнайы компания да құрылған болатын, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, республика бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау мен өңдеумен айналысатын 130 кәсіпорын бар. Олардың барлығы дайын өнімнің 20 түрін шығарады.

«Мәселен, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі қатты қалдықтар полигонын жекеменшік компанияның басқаруына берді. Қазіргі кезде инфрақұрылым желілері тартылып жатыр. Екі жылдың ішінде қалдықтарды сұрыптау мен өңдеу желісі салынады. Одан кейін шикізаттан электр энергиясы өндіріледі», - деді Қ.Бозымбаев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Бұдан бөлек, Алматы қаласының Алатау ауданында қоқыс өңдеу кешені салынады. Аталған кәсіпорын бір тәуліктің ішінде 1 500 тонна қоқысты өңдейтін болады. Аталған жобаның құрылысы екінші жартыжылдықта аяқталады деген жоспар бар. Ал Қарағанды қаласында фин компаниясы қоқысты өңдеп, газ синтезін өндіруді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxатында Қ.Бозымбаев бензиннің бағасына қатысты өз ойын білдірді.

Оның айтуынша, қазіргі кезде АИ-92 маркалы бензин артығымен өндіріледі. Қазан айында резервтің мөлшері екі-үш есеге артық болады. Сол себепті бензиннің бағасы сәл-пәл өзгеруі әбден мүмкін.

Соңғы жаңалықтар