Қазақстанда көктемде аң аулауға тыйым салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Министрліктің бұйрығымен елімізде көктем мезілінде аң аулаға тыйым салынды. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бұйрығымен 16 ақпан мен 14 маусым аралығында еліміздің барлық өңірінде аң аулауға тыйым салынды», - делінген хабарламада.

Сәкен Ділдахмет аң аулауға тыйым салудағы негізгі себепті атады. Көктемгі аңшылық кез келген жануарды қатты алаңдатып, тыныштығын бұзады, сөйтіп құстардың ұя салған жерін тастап кетуіне мәжбүрлейді. Осылайша ұя салу процесі бұзылады.

Сондай-ақ көктемгі аңшылық кезінде жануарлардың ішінен ең әуелі репродуктивті тұрғыда өте белсенді және бағалы еркектері құрбан болады, бұл түрлер генофондын нашарлатып жібереді.

Мысалы, есептік деректер бойынша жабайы үйректердің саны 2015 жылы 2014 жылға қарағанда 2 млн басқа азайған. Жабайы үйрек саны азайған соң браконьерлік фактілері де көбейіп кетті.

Соңғы жаңалықтар