Қазақстанда кофе 20 пайызға қымбаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда кофе бағасы бір жылдың ішінде 20 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Еnergyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елімізде 8,5 мың тонна өңделген шай мен кофе өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 8,6 пайызға аз. Өңірлер арасында өндірістің жартысынан астамы әдеттегідей Алматыға тиесілі: 4,5 мың тонна, бірақ бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 21 пайызға кем. Одан кейін Шымкент (2,6 мың тонна, +4,3%) және Алматы облысы (973 тонна, +83,2%) тұр.

2021 жылдың қаңтар–мамыр айларының қорытындысында отандық өндірушілер өңделген шай мен кофеге сұранысты (ішкі нарықтағы сату мен экспорт) бір жыл бұрынғы 30,1 пайыздың орнына 27,2 пайыз қамтамасыз етті. Импорттың үлесі тиісінше 72,8 пайызды құрады. Қазақстанға 17,3 мың тонна шай мен кофе жеткізілді. Бұл бір жыл бұрынғы көлемнен 5,9 пайызға кем. Экспортқа 2,3 мың тонна өңделген шай мен кофе жіберілді. ҚР ішкі нарығында 21,4 мың тонна өнім сатылды.

Биыл шілде айында Қазақстанда кофе бір жыл ішінде 19,6, шай 16,7 пайызға қымбаттады. Кофе бағасының қымбаттауын ең көп шымкенттіктер сезінді: 47,4 пайыз. Одан кейін Ақмола және Атырау облыстарында 26,6 және 25 пайызға қымбаттады. Бағаның ең аз өсуі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді: 10,1 пайыз.



Фото:storge.pic2.me








Соңғы жаңалықтар