Қазақстанда кірістер туралы декларацияны жасау ережелері бекітілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрі тиісті бұйрықпен жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияның формаларын және оны жасау ережелерін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы министрлігі таратқан мәліметтерге қарағанда, активтер мен міндеттемелер туралы декларация 2021 жылдан бастап есепті салық кезеңінің 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жыл сайын ұсынылады. Яғни:

жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлғалар және олардың жұбайлары;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар және олардың жұбайлары;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға және «Банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарға сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар.


Соңғы жаңалықтар