Қазақстанда киокушинкай каратэден Әлем чемпионаты өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7-8 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қаласында киокушинкай каратэден Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Дене шынықтыру және спорт комитетіне сілтеме жасап.

Спорттық шараны ұйымдастырушылар Қазақстанның Жауынгерлік өнер ассоциациясы, сондай-ақ, 2011 жылы құрылып, Швейцарияда тіркелген «Kyokushin World Union» халықаралық қауымдастығы.

«Киокушинкай каратэден өтетін Әлем чемпионатында Қазақстан намысын 30 спортшы қорғайды. Әлем Чемпионатын қабылдайтын мемлекет ретінде Қазақстан екі құраммен (30 спортшы) өнер көрсетеді. Жарыс 15 салмақ дәрежесі бойынша өтеді (9-ер, 6 әйел)», - деп хабарлайды комитеттен.

Әлем чемпионаты 6 салмақ дәрежесі бойынша өткізіледі. Ерлер арасында 9 (60, 65, 70, 75,80, 85, 90, 95, 95+ келі) және әйелдер арасында 6 санат (50, 55, 60, 65, 70, 70+ келі) бар. KWU ережелеріне сәйкес, әрбір салмақ дәрежесінде бір мемлекеттен бір ғана спортшы қатысады. Тек қабылдаушы мемлекеттің ғана қатысушылардың екі құрамымен шығуға құқығы бар. Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасы екі құрамда өнер көрсетеді.

Айта кетерлігі, Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясы өткен жылы құрылған спорттық ұйым. Оның құрамына олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 20 аккредиттелген спорттық федерация енді. Оның басшысы болып Кәрім Мәсімов сайланды.

Қауымдастық төрт бағыт бойынша: каратэ, жекпе-жек, толық контактілі спорт түрлері және ММА аралас жекпе-жек бойынша жұмыс жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар