Қазақстанда киім өндірісі бір жылда 18% өсті

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда киім өндірісі бір жылда 18% өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

2019 жылы 5 айдың ішінде өндіріс көлемі ақшаға шаққанда 16,2 млрд тг құраса, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 13,8 млрд тг болған еді. Алматы облысында – 22,4%, Алматыда - 15,1% және Қарағанды облысында – 11,2% киім-кешек шығарылды. Алматы облысында ірі киім өндіруші «Glasman» ЖШС, Алматыда – «КазЛегПром» ЖШС, Қарағанды облысында - «Temirtau Associates and Ancillaries» ЖШС.

Қазақстандық дизайнерлер Berlin Fashion Week ірі сән апталығы аясында Fashion Hall көрсетіліміне қатысты.

«Сахнаға алғашқылардың бірі болып Aspara брендінің киімдерін киген модельдер шықты. Оның авторы – Айдархан Қалиев. Ол еуропалық көрсетілімдерге үнемі қатысып тұрады. Қазақстандық дизайнер неофольклор стилінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, берлиндік сәнсүйер қауым Әлия Сағдидің киімдерін ыстық ықыласпен қарсы алды. Астаналық дизайнер «Қазақ Шанелі» атты коллекциясымен Berlin Fashion Week-ке алғаш рет қатысып отыр», - делінген жазбада.

Жалпы, киім өндірісі өскенімен, 5 айдың қорытындысы бойынша сырт киім өндірісі (әйелдер киімі −25,6%, ерлер −23,8%) қысқарған. Сонымен қатар, тоқыма киімдер өндірісі 3,4 есеге артқан.

Отандық өндірістегі ерлерге арналған іш киімдер бағасы айтарлықтай қымбаттады. Қазақстанда әйелдер көйлегі бір жылда 5,9%-ға көтерілген.


Соңғы жаңалықтар