Қазақстанда киім 10% қымбаттаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маусым айының көрсеткішіне сүйенсек, сауда сөрелерінде аяқкиім мен киім бағасы бір жылда 9,7% қымбаттаған. Бұл туралы ҚазАқпарат Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Маусым айында аяқ киім мен киім айлық межеде 1,4%, жылдық межеде 9,7% қымбаттады. Бір айдың ішінде аталған тауарлардың бағасы Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында ерекше өскен.

Ал жылдық межеде Маңғыстау және Қызылорда облыстарының қатарына Атырау облысы қосылған», -деп жазады портал.

Ақпарат ресурсының мәліметіне қарағанда, былтырғы маусымнан бері ер адамдардың іш киімі 15,6%, майка 14,9%, джинс шалбар 10,7%, спорт киімдері 10%, шұлық 9,7%, қысқы күртелер 8,7%, жүнжейде 5,4%, маусымаралық пальто — на 6,7%, костюм-шалбар 4,3% қымбаттаған.

Ал жазғы туфли мен шақай бағасы 11,6%, қысқы етік бағасы 10,4%, маусымаралық бәтеңке бағасы 8,9%, кроссовка бағасы 7,9% өскен.

Әйелдер ккиімінің арасныда бір жылда көйлектер 11,9%, қысқы күрте 10,8%, бюстгальтер 9,6%, костюмы-юбка 9,1%, спорт киімі 8,8%, халат 8,3%, тері тондар 7,9%, джинс шалбар 6,4%, юбка 6,2%, өскен.

Балалар киімінің ішіндебір жылда футболка 12,8%, пижама 11,9%, шұлық 10,9%, маусымаралық күрте 10,5%, қысқы комбинезон 10,3%, қысқы күрте 9,7%, джинс шалбар 9,3%, шалбар 9,1%, спорт киімі 7,9%, көйлек 6,8%, жүнжейде 6,4%, костюм 6,2%, оқушының костюм жиынтығы 5,7%, балалардың қысқы аяқ киімі 15,9%, кроссовка 15%, туфли 13,4%, қыздардың туфлиі 9,7% бағасы көтерілген.

Ал Ranking.kz-тің дерегіне сүйенсек, ескірген киімін жаңалай алмай жүрген қазақстандықтар үлесі өскен.


Соңғы жаңалықтар