Қазақстанда киберқауіпсіздік мамандарының күшін біріктіру көзделген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті киберқауіпсіздік бойынша уәкілетті орталықтармен өзара ынтымақтастық туралы 9 меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Абдуқалықовтың айтуынша, бұл келісімдер былтыр қазанда қабылданған Киберщит тұжырымдамасының бір пунктін жүзеге асыру болып табылады.

«Ақпараттық қауіпсіздік - үнемі қозғалыстағы үдеріс. Біздің міндетіміз - киберқауіптен қорғану шараларын дұрыс жүргізу.

 Сондықтан, Үкімет «Алатау» арнайы экономикалық ауданындағы инновациялық технологиялар паркінде уәкілеттілік орталықтарын құру ұсынылған болатын. Қауіп туған жағдайда қарсы тұра алу керек. Біздің басты мақсатымыз - киберқауіпсіздік орталықтарының барлық күшін біріктіріп, күшейту» - деді Руслан Абдуқалықов.

Қол қойылған құжатқа сәйкес, тараптар арасында ақпаратты қорғау жүйесін құру, телекоммуникациялық құрал-жабдық өндірісі, ғылым-білім бағдарламалары саласында уағдаластық орнады.

«Қауіпсіздік бағдарламаларын өзіміз жасауымыз керек. Шетел өнімін пайдаланған кезде толық қорғалған деп айтуға болмайды. Қорғаныс өнімдері Қазақстанға бейімделген болуы шарт. Оны жасауға ондаған жыл кетеді. Кибершабуыл саласында үздіктерді жинап, бір жерге шоғырландырып жатырмыз», - деді Руслан Абдуқалықов.

«Ұлттық инновациялық орталық» ЖШС, «KBC Technology» ЖШС, «Juni per Soft» ЖШС, «КазТелепорт» АҚ, «Корпорация Связь» ЖШС өзара келісімге келді.

«Осындай уағдаластықтың арқасында киберқауіпсіздіктің үздік технологияларын инновациялық технологиялар паркіндегі кәсіпорындарға жеткіземіз. Бұл біздің бизнеспен байланысымызды нығайтпақ», - деді Руслан Абдуқалықов.

Соңғы жаңалықтар