Қазақстанда кибербуллинг тақырыбы неліктен қызу талқыланып жатыр – депутат пікірі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым соңғы уақытта елімізде жиі талқыланып жатқан кибербуллингке қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«БАҚ туралы заңды ұсынғалы бірнеше сұхбат бердім. Ол заңда бірнеше мәселе қамтылған. Оның ішінде дәл қазір жиі талқыланып жатқаны тек кибербуллинг мәселесі. Сонымен қатар әлеуметтік желіге қатысты тұсы. Бұл менің түсінігімше, журналистік қауымның таяздығын көрсетеді. Шындығын айтсақ, біздің балаларымыздың тағдыры, оның ішінде психологиялық, әлеуметтік жағы көбін қызықтырмайды. Есесіне әлеуметтік желі жұмысының еркіндігі бәріне қызықты. Меніңше, бұл хайп тақырып. Өйткені, Үкімет әлеуметтік желіні расымен бұғаттағысы келсе, осы заңсыз-ақ, бұған дейін қабылданған заңның 41-ші бабына сай кез келген әлеуметтік желіні толық түрде бұғаттауға мүмкіндігі бар», - деді Айдос Сарым елімізге танымал журналист Бүбігүл Жексенбайға берген сұхбатында.

Халық қалаулысының айтуынша, БАҚ туралы заң қабылданған соң салаға қатысты мәселелер өз орнына қойылады.

«Заңды талқылауда бірінші оқылымға дейін соншалықты мәселе туындамаған. Оның тағдырына ешкім аса мән де бермеді. Үкіметтің қорытындысымен қайтып келіп, екінші оқылымда қабылданған кезде кейбір адамдар үшін пиар жасаудың мүмкіндігін берді. Айналып келгенде бұл заңда жұрт қорқатындай, үркетіндей ештеңе жоқ. Керісінше, өте маңызды мектеп бағдарламасы, оқулыққа қатысты дүниелер айтылған», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар