+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Қазақстанда кейбір жабайы жануарларды зообақта ұстауға тыйым салынуы мүмкін

2020 жылғы 7 қыркүйек 16:43
Бөлісіңіз:
Қазақстанда кейбір жабайы жануарларды зообақта ұстауға тыйым салынуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жабайы жануарлардың бірқатарын зообақта ұстауға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасына елдегі дельфинарийлерді жабу туралы норма енгізіледі. Қазірдің өзінде бұл норманы заң жобасына кіргіздік. Кейінгі кезде бізге қоғам өкілдерінің де, халықаралық қоғам қайраткерлерінің де дельфинарийлерді жабу мәселесі бойынша жүгінгенін білесіздер. Сол себепті бұл норманы әзірледік. Бұл нормада дельфинарийлерге ғана қатысты емес, басқа да жабайы жануарларды ұстау бойынша тыйымдар бар», - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ведомство басшысы заң жобасы депутаттардың қарауына қашан берілетінін айтты.

«Заң жобасы әзірленді. Министрлік алаңында Парламент депутаттарымен, қоғам өкілдерімен кездестік. Бұл құжат қоғам тарапынан айтарлықтай кеңінен талқыланды. Заң жобасы Үкіметке енгізілді. Осы орайда тиісті келісуден өткеннен кейін, жақын арада Парламент қарауына түседі», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мағзұм Мырзағалиев дельфинарийлерді жабу туралы Қазақстандағы табиғат қорғаушыларының ұсынысы қарастырылатынын мәлім еткен болатын.

«Бұл, аяқ астынан пайда болған мәселе емес. Сондықтан оның шешілуі үшін белгілі бір уақыт керек. Халықаралық тәжірибелер ескерілуі қажет. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңның жобасында дәл осы гуманизм принциптері негіз болады. Министрлік атынан осы мәселеге алаңдаушылық білдіріп, азаматтық ұстанымын танытқан адамдарға алғыс айтамыз», - деп жазды министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT