Қазақстанда кедейшілік 13 есеге төмендеді - Мемлекет басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда кедейшілік 13 есеге төмендетілді. Бұл туралы Global Challenges Summit 2018 форумында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан белсенді әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда. Бұл бағытта кедейшілік 13 есеге төмендетілді, яғни 40 пайыздан 3 пайызға дейін. Жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан төмен», - деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы биыл Қазақстанда Бес жаңа әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру жұмыстары қолға алынғанын еске салып өтті.
«Бұл бастамалар қолжетімді баспанамен, сапалы жоғары біліммен қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнесті қолдауға, салық салудағы әділдікке, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған. Осы қадамдар ел тұрғындарының әл-ауқатын тұрақты дамытуға әрі жақсартуға ықпал етеді», - деді Елбасы.
- 2020 жылы 1,8 мың отбасы жұмыс күшіне зәру өңірлерге қоныс аударды
- Қостанай облысында жол жөндеуге 1,2 млрд теңге бөлінді
- Қазақстанның автокөлік нарығы: 2020 жылдың қорытындысы мен биылғы көрсеткіштер
- Түркістанда инвестициялық жобалар арқылы 1 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады
-
Зейнетақы жинағын алу процесіндегі барлық операциядан комиссия алынбайды
-
Алексей Цой Мемлекет басшысына елдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам