Қазақстанда кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін ұлғайтылуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлшара Әбдіқалықова кедейлік шегін одан әрі ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін ұлғайту туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда кедейлікті бағалаудың деңгейі – ең төменгі күнкөрістің 70 пайызы (20 789 теңге). Халықаралық сарапшылар кедейлік шегінің оңтайлы деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейі болып табылатынын атап өтті. Біздің ойымызша, кедейлік шегін одан әрі ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін ұлғайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін теңдестірілген қаржы-экономикалық модель құру мемлекеттік органдардың өзекті міндеттерінің бірі болуға тиіс. Бұл ретте ең төменгі күнкөріс шамасының өзі халықтың нақты сатып алу қабілетіне сәйкес келуге және адамның барынша аз қажеттіліктеріне жауап беруге тиіс. Бұл жұмыс басталып кетті. Осы жылдың 1 сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету өлшемшарты ең төменгі күнкөрістің 50-ден 70 пайызына дейін ұлғайтылғанын, ал табысы аз отбасынан шыққан әрбір балаға әлеуметтік көмектің кепілді мөлшері белгіленгендігін білесіздер», - деді Г. Әбдіқалықова Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Осы орайда, ол бұл қадам атаулы көмектің мөлшерін 2,5 есе арттыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, депутат табысы аз азаматтарды қолдау саласында орын алған кемшіліктерге тоқталды.

«Бір қарағанда бәрі жақсы сияқты. Алайда табысы аз азаматтарды қолдау шараларын іске асыру жаңа форматтағы атаулы көмектің тиімділігін төмендететін бірқатар елеулі кемшіліктерді анықтады. Бірінші кезекте, мемлекеттік органдар оқиғалардың бұлай өрбуіне дайын емес болып шықты. Жүйелі жұмыстың болмауы салдарынан жағымсыз аспектілерге тап болдық. Бұл – жұмыс іздеу уәжінің азаюы, әлеуметтік қамсыздандыруды ұзақ уақыт пайдалану ниеті, әлеуметтік көмекті көбірек алу мақсатында отбасы мәртебесін немесе тұрғылықты жерін формальды түрде өзгерту.

Жергілікті жерлерде әкімдіктер табысы аз азаматтардың проблемаларын шешуге келгенде өмірлік қиын жағдайға әкеп соққан себептерге терең үңілмейді. Министр өз сөзінде атап өткендей, аталған жағдайды шешу үшін шаралар қабылданып, әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау, учаскелік комиссиялардың рөлін күшейту өлшемшарттары бекітілді.

Отбасын жекедара алып жүру тетігі отбасын әлеуметтік қолдаудың жаңа форматының түйінді элементі болуға тиіс», - деді депутат.

Соңғы жаңалықтар