Қазақстанда кедендік бақылаудан 3 минутта өтуге болады

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайда өткен жиында қазақстандық кеден органдарының жүргізіп отырған жұмысы туралы айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғұсман Әмрин Nuctech компаниясының 20 жылдығына арналған шараға қатысты.

«Бұл бағыттағы үміт күттірген басты нәтиже тексерудің қазіргі жеңілдіктерін сақтай отырып, қауіпсіздік деңгейін арттыру мүмкіндігі болып отыр», - деді Ғұсман Әмрин Бейжіңде «Nuctech-2018 қауіпсіздік және тексеру технологиялары саласындағы технологиялар» атты конференцияның ашылу рәсімінде.
null 

Оның сөзіне қарағанда, ішкі логистиканы бақылау және басқарудың бірыңғай платформасын жасау жүйенің барлығын кедендік бақылаудың бірыңғай технологиялық дәлізіне біріктіруге, қозғалысты тоқтатпауға, уақыт шығынsy 3 минуттан асырмауға мүмкіндік береді.

Ғ. Әмрин бұған дейін Қазақстанда қолданылып келген кедендік бақылаудың 5 кезеңдік жүйесі айтарлықтай қиындықтарды туындатқанын айтты. Ол осы кедергілерді жою бағыттардағы жұмыстарды жүргізуде Қазақстанмен 15 жылдан бері ынтымақтастық етіп келетін Nuctech компаниясының көмегі мол екендігін айтты.
null 

Еске сала кетейік, Nuctech компаниясы Қытайдың кедендік және басқа да ведомстволарына қауіпсіздік техникаларын жеткізуші. Ол сондай-ақ, 122 елге тауар экспорттайды.

2004 жылдан бері компания Қазақстанда 26 ірі габаритті инспекциялық-тексеру кешенін, 340 кіші габаритті тексеру жүйелерін орнатты. Олар Қазығұрт, Бақты, Атамекен, Темір Баба кеден бекеттерінде, «Құлан», «Бейнеу», «Алтынкөл», «Достық» стансаларында, Алматы, Шымкент әуежайларында, 16 теміржол вокзалында, ЭКСПО-2017 нысандарында, Бейбітшілік және келісім сарайында, т.б. жұмыс істеп тұр.

null null 

Соңғы жаңалықтар