Қазақстанда кеден бекеттерінің саны азая бермек

None
None
АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Кеден бекеттерін қысқарту жұмысы осымен аяқталмайды. Біз оларды тиімділігіне қарай азайтатын боламыз.

Бүгін ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің жанындағы Консультациялық кеңестің отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген аталмыш комитет басшысы Мәжит Есенбаев осылай айтты.

Комитет төрағасы атап көрсеткендей, бүгінде ел ішіндегі кедендік бекеттердің саны 107-ден 92-ге дейін қысқартылды. «Бұл жұмыс осымен аяқталмайды. Біз арнайы мониторинг жүргізіп, кеден бекеттерінің санын олардың тиімділігіне қарай тағы да азайтын боламыз», - дейді М.Есенбаев.  

Соңғы жаңалықтар