Қазақстанда қазақ-түрік өнеркәсіптік аймақтары құрылатын болады

None
None
ТАМБҰЛ. 1 қазан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/-Ағымдағы жылдың 26-28 қыркүйек аралығында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Сауранбаевтың Түркия Республикасына жұмыс сапары болып өтті. Ол басқарып келген делегация құрамында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің, «Самрұқ-Қазына-Инвест»,

«Kaznex-invest» АҚ, Павлодар, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары мен жеке сектордың өкілдері болды.

Сапардың негізгі мақсаты - ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасында бірінші бірлескен қазақстан-түрік ұйымдастырылыған өнеркәсіптік аймағын құру туралы тапсырмасын іске асыру мәселесін пысықтау, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылау және Қазақстанда келешегі үлкен инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде бұрынырақ қол жеткізілген уағдаластықтарды пысықтау болды.

Үшкүндік сапар мазмұнды өтті және оның барысында қазақстандық делегация «ТУСИАД» өнеркәсіпшілер мен іскер адамдар қауымдастығының, «ТУСКОН» өнеркәсіпшілер конфедерациясының, «ДЕИК» сыртқы экономикалық ынтымақтастық кеңесінің, «ТИМ» экспортшылар одағының басшыларымен кездесті және Түркиядағы ірілердің бірі болып саналатын «Гебзе» өнеркәсіптік аймағы мен технопаркке барды. 25 шақты компания басшылығымен екіжақты келіссөздер және Елшілік пен «ДЕИК» сыртқы экономикалық ынтымақтастық кеңесінің ұйымдастыруымен қазақстандық және түрік кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум өткізілді.

Түрік бизнесмендерімен кездесулер барысында Н.Сауранбаев оларды біздің елімізде бірлескен өнеркәсіптік аймақтарды құруға белсенді қатысуға шақырды, осы орайда Қазақстанда қабылданған индустриалдық-инновациялық бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталды, шетелдік инвестицияны салудың ықтимал салаларын көрсетті, Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуал, салық және кедендік жеңілдіктер мен артықшылықтар туралы ақпарат берді. Қазақстандық вице-министр өнеркәсіптік аймақтарды құрумен бірге шетелдік инвесторлар үшін тиісті рұқсат құжаттарын алу үшін бюрократиялық кедергілерге жол бермеуге ықпал ететін «бір терезе» жүйесінің енгізілетінін атап өтті. Бірлескен өнеркәсіптік аймақтардың тәжірибелік жобалары Алматы, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында іске асырылатын болады. Н.Сауранбаев сондай-ақ Ресей, Қазақстан және Беларусь арасындағы Кедендік одақтың түрік өндірушілеріне өз өнімін біздің еліміздің ғана емес, сондай-ақ Ресей және Беларусь рыногына да шығаруға жол ашатын, ал бұл жалпы алғанда 170 млн. адамды қамтитын, мүмкіндіктерін толық пайдалану қажеттігіне назар аударды. Қазақстандық және түрік бизнес топтарының өзара сапарларының қарқындылығын атап өте отырып, 2010 жылдың қорытындысы бойынша 3,2 млрд. АҚШ долларын құраған өзара сауда айналымының ү.ж. алты айда ғана 2,8 млрд. АҚШ долларына жетіп, көлемі ұлғайғанын ерекше атап өтті.

Өз кезегінде, түрік іскер адамдары Қазақстанда өнеркәсіптік аймақтарды құруға белсенді қатысуға ерекше мүдделілік білдіріп, біздің елімізбен одан әрі ынтымақтастық жөніндегі пайымдауларымен және жоспарларымен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар