Қазақстанда қайтарылмаған банк несиесі 700 млрд теңгеге жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Екінші деңгейлі банктерден несие алып, қайтармаған қазақстандықтардың мерзімі өткен берешегі 700 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 шілдедегі ахуал бойынша жеке тұлғалардың қарызы 4 544 млрд теңге. Бұл банк секторындағы қарыз портфелінің 33,7 пайызы. Ал тұлғалардың мерзімі өткен берешегі 691,9 млрд теңгеге жеткен», - делінген агенттіктің реттеуші банкке жолдаған сауалына берген жауабында.

1 шілдедегі ахуалға сүйенсек, 4,58 млн қазақстандық қарыз алған.

Сондай-ақ басқарушы банк микроқаржы секторы бойынша жеке есеп жүргізген. 1 шілдедегі жағдайға сәйкес микроқаржы ұйымдарынан 306,8 адам жалпы сомасы 188,1 млрд теңге қарыз алған.

 

«379,2 мың адамның 90 күндік мерзімі өткен берешегі бар. (Бұл жалпы қарыз алушылардың 8,3 пайызының көрсеткіші)», - деп мәлім етті Ұлтық банктегілер.

Соңғы жаңалықтар