Қазақстанда қай салықтар қысқаратыны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қай салықтарды оңтайландыру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екі салықты бір төлемге біріктіру мен бір салықты жою бойынша ұсыныстар даярланған. Жеке адамдардың мүлік және жер салығын біріктіру ескерілген. Бұл өз кезегінде түбіртек толтыру, банк комиссиясы секілді шығындарды қысқартады», - деді министр Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау ұсынылады.

«Осы орайда бұл қадамдар 3 млн салық төлеушіге қатысты болады. Мұнымен қоса, жаңа ұсыныстар бөлек қаралады, яғни еңбекақы төлеу қорынан салықты ұстап қалу бағыты пысықталады. Осы орайда бір төлемге біріктіруді қарастыруға болады, бұл қадам шағын орта бизнес үшін төлем жасауды айтарлықтай жеңілдетеді. Сонымен қатар, түрлі төлемдер мен алымдарды оңтайландыруға болады», - деді Р. Дәленов.

Оның айтуынша, аталған қадамдарды іске асыру тұрғысында дайын ұсыныстар 2021 жылы енгізіледі деп жоспарланған. Ал талқылаудағы қалған бастамаларды тәжірибе жүзінде енгізу 2022 жылдан басталады.


Соңғы жаңалықтар